23 шілде 2019 13:46

Парамен ұсталған судья Алматыда бостандықта жүр

Алматы қалалық сотының төрағасы Нұрғазы Әбдіқанов пара алды деген күдікпен ұсталған судьяның жағдайы туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы қалалық сотының төрағасы Нұрғазы Әбдіқанов пара алды деген күдікпен ұсталған судьяның жағдайы туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Медеу аудандық сотының судьясы Гүлмира Әбілхайыр жоғары судья атағына нұқсаң келтіретін теріс қылық жасады. Ол ұсталды және тиісті органдармен жеткізілді. Сол кезеңде ол еңбек демалысында болған. Бүгінгі күні оған қатысты санкция қолданылған жоқ, ол бостандықта, бірақ тергеу жүріп жатыр.

Реклама
Реклама

Судья әдебі жөніндегі комиссия бұл істі қарады. Дерек расталды. Қазіргі уақытта судья қызметінен уақытша шеттетілді. Тексеру материалдары Жоғарғы Сот жанындағы Сот алқасына жіберілді. Оны қызметінен босату мәселесі көтерілді. Ал судьяның кінәсін немесе кінәсіздігін сот талқылауы барысында анықтайды", - деді Нұрғазы Әбдіқанов.

Ол сондай-ақ, судья Әбілхайырдың сот жүйесінде 10 жылға жуық жұмыс істеп келе жатқанын атап өтті. Медеу аудандық сотына ол Алматы облысы сотынан ауысып келді. 2018 жылы Алматы қалалық соты оны жұмыс кезінде заңды өрескел бұзғаны үшін жұмыстан босату туралы мәселені көтерді, алайда коллегиялық отырыста ол ақталып шықты.

Осыған дейін, алматылық судья пара алғаны хабарланды. Антикоррупциялық ведомство мәліметінше, ол азаматтық іс бойынша оң шешім шығарғаны үшін қомақты сома алған. 

"Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті ҚР Жоғарғы Сотының ішкі қауіпсіздік бөлімімен бірлесе отырып, Алматы қалалық сотының судьясы пара алу дерегін анықтады. Судья делдал арқылы (Алматы қаласы аудандық сотының сот отырысының хатшысы арқылы) оның өндірісіндегі азаматтық іс бойынша мәселені оң шешкені үшін 3 000 АҚШ доллары көлемінде пара алды деген күдікке ілінді", - деді агенттік өкілдері. 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram