12 қазан 2016 | 09:30

Париж орталығында киіз үй мен алма бағы орнатылды

ЮНЕСКО-ның Париждегі штаб-пәтерінде Алматы қаласының 1000 жылдығына орай киіз үй мен алма бағы орнатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Франция астанасынан.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

ЮНЕСКО-ның Париждегі штаб-пәтерінде Алматы қаласының 1000 жылдығына орай киіз үй мен алма бағы орнатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Франция астанасынан.

Киіз үйдің ішінде Алматы қаласының табиғаты мен заманауи қаламен таныстыратын музыкалық арнайы эффектілермен көркемделген видеоларды көрсететін экран орнатылған. "Бұл идея жайлы біз көктемде ойлап жүргенбіз. Егер де сіз киіз үйдің ортасында болсаңыз, сіз міндетті түрде Қазақстан табиғатының тамашалығын сезіне аласыз. Біз Қазақстанның дамып жатқан мемлекет екенін көрсете отырып, қазіргі Алматының көрінісін жеткізгіміз келеді , яғни елімізге келетін туристердің санын көбейткіміз келеді", - деді киіз үйді қойғандар.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, видеоға Шарын шатқалы, Көлсай көлі, "Шымбұлақ", Медеу" түсірілген. Сонымен қатар, қалада орналасқан Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры, Республика алаңы, Астана алаңы мен қалалық әкімдіктің ғимараты да видеода бар. Сонымен қатар, Тәуелсіздіктің 25 жылдығының нышаны ретінде киіз үйдің ішінде 25 алма бағы отырғызылған. 

Сонымен қатар, 10 қазанда Парижде ашылған көрмеде қазақстандық қолөнершілердің туындылары бар.

Айта кетейік, көрме ұйымдастырушылары қазақстандық қолданбалы өнерді, зергерлік өнер мен музыкалық аспаптардың түрлілігін көрсетуге тырысты.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная