25 наурыз 2019 | 17:29

Париждегі төрелік сот Қазақстан пайдасына шешім шығарды

Париж қаласындағы Халықаралық сауда палатасының төрелік соты Қазақстан Республикасының пайдасына шешім қабылдады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Париж қаласындағы Халықаралық сауда палатасының төрелік соты Қазақстан Республикасының пайдасына шешім қабылдады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, 2018 жылы 16 сәуірде Todini Impregilo Kazakhdorstroy БК италияндық құрылыс компаниясы Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің автомобиль жолдары комитетіне қарсы Халықаралық сауда палатасының Төрелік сотында (ICC) талап арыз берді. Талап арыздың мәні - Дауларды реттеу кеңесінің 2017 жылғы 14 сәуірдегі шешімінің шеңберінде төленуге тиесілі сомманы өндіріп алу. Талап арыз мөлшері 32 млн. АҚШ долларына дейін ұлғайту құқығымен 20,3 миллион АҚШ доллар болды. 

Реклама
Реклама

Дау "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" Халықаралық транзит дәлізінің "Алматы - Қорғас" жобасын іске асыру барысында туындаған. Жоба Қазақстан Республикасы мен Халықаралық қайта құру және даму банкінің арасындағы қарыз алу келісімінің шеңберінде жүзеге асырылған.

2019 жылдың 18 наурызында Париж қ. ICC төрелік соты Қазақстан Республикасының пайдасына шешім қабылдады.

"Шешімге сәйкес ДРК-ның АЖК мен "Todini Impregilo Kazakhdorstroy" БК арасында туындаған дауды қарастыруға юрисдикциясы жоқ. Осы орайда, ДРК-нің 2017 жылғы 14 сәуірдегі АЖК-ге қарсы шығарған шешімі орындалуға жатпайды. Сонымен қатар, Төрелік сот Талапкердің осы іске қатысты Республикаға қарсы өзге де барлық талаптарын қабылдамады", - делінген хабарламада. 

Осы іс бойынша мемлекеттің мүдделерін ұсыну мен қорғауды Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі іске асырып жатыр. Консультант ретінде "Curtis, Mallet-Prevost, Colt & Mosle LLP" заң фирмасы тартылды.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная