24 қараша 2021 | 11:52

Парламент 2022-2024 жылдарға арналған бюджетті қабылдады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Мәжіліс депутаттары Сенаттың 2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасына енгізілген түзетулерімен келісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мәжіліс депутаттары Сенаттың 2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасына енгізілген түзетулерімен келісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"18 қарашада 2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасы Сенат отырысында қаралды. Сенат 107 түзету енгізді. Түзетулер республикалық бюджеттің негізгі параметрлерін өзгертпейді. Үкімет резервін қайта бөлу есебінен республикалық бюджеттің шығыстары 2022 жылы - 64,5 миллиард теңгеге, 2023 жылы - 15,1 миллиард теңгеге, 2024 жылы - 6,4 миллиард теңгеге ұлғайды.

Сондай-ақ жекелеген мемлекеттік органдарға шығыстар қайта бөлінді. Осыны ескере отырып, комитет Мәжіліске Сенат енгізген өзгерістер мен толықтырулармен келісу туралы ұсыныс енгізуге болады деп санайды. Қолдау көрсетіңіздер", - деді Мәжіліс отырысында депутат, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Анатолий Бойчин.

Дауыс беру нәтижесінде мәжілісмендер енгізілген түзетулермен келісті. Заң жобасы Мемлекет басшысына қол қоюға жіберілді.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная