ПОДЕЛИТЬСЯ
20 наурыз 2019 | 16:30
Парламент Астананы Нұрсұлтан деп атау туралы ұсынысты мақұлдады
Қазақстан Парламенті Астананың атауын өзгерту туралы ұсынысты мақұлдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстан Парламенті Астананың атауын өзгерту туралы ұсынысты мақұлдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Сенаттағы 43 депутаттың 43-і келісті. Мәжілістегі 103 депутаттың - 103-і келісті. Осылайша, құрметті әріптестер, тарихи шешім қабылданды", - деді Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин палата отырысында.
Бұған дейін Астана атауының референдумсыз өзгеруі мүмкін екені хабарланған еді.
Оның алдында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астананы Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне Нұрсұлтан деп атауды ұсынды.
"Ұлы замандасымыз Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімін мәңгі етуіміз керек: біздің елордаға Президентіміздің есімі беріліп, Нұрсұлтан аталуы керек. Мұндай ұсынысты осыған дейін парламенттегілер де айтқанын еске салғым келеді", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Показать комментарии
Читайте также