ПОДЕЛИТЬСЯ
08 желтоқсан 2022 | 12:06
Парламент әйелдердің зейнет жасына байланысты заң қабылдады
Сенат депутаттары заңнамаға әйелдердің 61 жаста зейнетке шығу құқығын қамтамасыз ететін түзетулерді қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Сенат депутаттары заңнамаға әйелдердің 61 жаста зейнетке шығу құқығын қамтамасыз ететін түзетулерді қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы екі оқылымда қаралып, қабылданды.
Қабылданған түзетулерге сәйкес, әйелдердің зейнетке шығу жасы 2028 жылға дейін 61 жас болып бекітіледі.
Сонымен қатар, бала күтіміне байланысты жәрдемақыны бала 1,5 жасқа дейін жеткенше төлеу, ең төмен базалық зейнетақы мөлшерін ең төмен күнкөріс деңгейінен - 70 пайызға дейін, ең жоғары базалық зейнетақы мөлшерін 120 пайызға дейін жеткізу мәселелері қаралды.
Заң жобасының негізгі нормалары жастардың даму индексі, уақытша тұрақсыз жастар (NEET жастар санаты), жастар жұмысшысы және жастар еңбек жасақтары сияқты ұғымдарды біріктіреді.
Сондай-ақ, құжат аясында "жастар" ұғымының жас шегін 29-дан 35 жасқа дейін ұлғайту жөнінде түзету енгізілді. Бұл жастардың әлеуметтік белсенділігін арттыруға әсер береді. Жастарға тұрғын үйді жеңілдікпен жалға беру жөніндегі бағдарламаны әзірлеу және іске асыру бойынша жергілікті атқарушы органдардың құзыретін кеңейтуге бағытталған түзетулер көзделген.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также