24 маусым 2021 | 13:30

Парламент жер туралы заңға жаңа түзетулер қабылдады

Сенат депутаттары ауыл шаруашылығы жерлерін сатуға мораторийді ұзартатын жер туралы заңға жаңа түзетулер қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Сенат депутаттары ауыл шаруашылығы жерлерін сатуға мораторийді ұзартатын жер туралы заңға жаңа түзетулер қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жаңа түзетулерге сәйкес, ауыл шаруашылығы жерлерін сатуға мораторий 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартылатын болды, жерді тек қазақстандықтар мен шетелдік қатысуы жоқ заңды тұлғалар жалға алады, ал ауыл шаруашылығы жерлерін қосалқы жалға беруге тыйым салынады.

Сонымен қатар, заңда конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің шекті мөлшері жазылған. Конкурсқа тым үлкен учаскелерді қатыстыруға тыйым салынады. Ауылда кемінде бес жыл тұрған адамдар ауыл шаруашылығы жерлерін беру жөніндегі конкурстарда артықшылыққа ие болады, оларға қосымша балдар есептеледі, бұл жеңіске көмектесуі мүмкін.

Реклама
Реклама

Заңның тағы бір нормасы жайылым тапшы ауыл тұрғындарының проблемасын шешуге бағытталған. Сенаторлар бекіткен құжатта жануарларды жаюға қажетті жайылымдарды жекеменшікке беру және ол жерлерді пайдалануға тыйым салу қарастырылған.

"Бұл заңда жерді ұтымды және мақсатты пайдалану бойынша жаңа нормалар қарастырылған. Қазақстандықтарға ауыл шаруашылығы жерлерін жекеменшікке беру жөніндегі Жер кодексінің нормаларын қолдануға мораторий ұзартылады. Құжатқа, сондай-ақ, жайылымдық жерлерді пайдалану мәселелерін реттейтін жаңа нормалар енгізілген. Ол жер учаскелері бойынша ақпараттың қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз етеді", - деді Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная