ПОДЕЛИТЬСЯ
25 қараша 2021 | 12:21
Парламент мобильді аударымдарды реттеу туралы заң қабылдады
Сенат депутаттары "мобильді төлемдер" түсінігін енгізетін заң қабылдады, яғни кәсіпкерлер мобильді аударымдар үшін салық төлейтін болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Сенат депутаттары "мобильді төлемдер" түсінігін енгізетін заң қабылдады, яғни кәсіпкерлер мобильді аударымдар үшін салық төлейтін болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Пандемия кезеңінде сауда және қызмет көрсету саласындағы шағын және орта бизнес субъектілері кәсіпкерлік қызметте жеке тұлғалар арасындағы транзакцияларға арналған мобильді аударымдарды пайдалана бастады.
Сенатор Ольга Перепечина заң жобасының қорытындысында осы мәселені заңнамалық реттеу мақсатында мыналарды ұсынды:
- "мобильді төлемдер" ұғымын анықтау;
- мобильді төлемдер арқылы тауарлар мен қызметтерді төлеу кезінде онлайн бақылау-кассалық машиналарды пайдалануды заңдастыру;
- кәсiпкерлердi бизнестi жүргiзу үшiн, яғни мобильдi аударымдарды жеке және кәсiпкерлiк деп бөлуге арналған жеке шоттарды пайдалануға мiндеттеу;
- банктерді мемлекеттік кіріс органдарына тиісті ақпаратты беруге міндеттеу.
Қаржы вице-министрі Марат Сұлтанғазиевтің айтуынша, салық режимінде ештеңе өзгермейді.
"Салық ставкасы өзгермейді, қосымша салық жүктемелері болмайды. Тек заңды айналымды көрсету керек.
Бізде есепке уақтылы қойылмағаны үшін төленетін әкімшілік айыппұлдар бар, сондай-ақ есепте айналымды көрсетпегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Бірінші рет ескертіледі, екінші рет айыппұл төлейді.
Біз тәуекелдерді басқару жүйесін әзірлейтін боламыз. Мысалы, жеке тұлға күніне бірнеше рет басқа тұлғалардан ақша алады. Бұл бірнеше күн, айлар бойы жалғасады. Бұл салық органдарының осы жеке тұлғамен жұмысты жалғастыруға назар аударуы қажет екендігінің бір белгісі болмақ", - деп түсіндірді Сұлтанғазиев.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также