ПОДЕЛИТЬСЯ
05 мамыр 2022 | 15:28
Парламент референдум туралы заң жобасына түзетулерді қабылдады
Мәжіліс депутаттары республикалық референдум туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге Сенаттың қосылуымен келісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Мәжіліс депутаттары республикалық референдум туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге Сенаттың қосылуымен келісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті "республикалық референдум туралы "Конституциялық заңға өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" конституциялық заң жобасына Сенат енгізген толықтыруды қарап, енгізілген толықтыру заң жобасының нормаларын нақтылауға бағытталғанын, оның тұжырымдамасын өзгертпейтінін және Мәжіліс мақұлдаған заң жобасының мазмұнына әсер етпейтінін атап өтті.
"Сенат енгізген толықтыру "республикалық референдум туралы" Конституциялық заңның 3-бабының 2-тармақшасына қатысты болады, ол жаңа редакцияда жазылады. Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті "республикалық референдум туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" конституциялық заң жобасына Сенат енгізген толықтырумен келісуді ұсынады", - деп хабарлады Комитет төрағасы Арман Қожахметов Мәжіліс отырысында.
Мәжіліс депутаттары бірауыздан келісті.
Еске салайық, Сенат депутаттары референдум туралы заң жобасына түзетулер енгізіп, Мәжіліске қайтарған болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также