23 қараша 2022 | 14:22

Парламент үш жылға арналған бюджетті қабылдады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Мәжіліс депутаттары Сенаттың 2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасына енгізілген түзетулерін келісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мәжіліс депутаттары Сенаттың 2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасына енгізілген түзетулерін келісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сенат жалпы сомасы 71,8 миллиард теңге болатын 57 түзету енгізді, оның ішінде 2023 жылы - 30 миллиард теңге, 2024 жылы - 29 миллиард теңге, 2025 жылы - 12,8 миллиард теңге. Бұл шығыстар жолдарды дамытуға, халықты ауызсумен және табиғи газбен қамтамасыз етуге бағытталған.

Сенат енгізген түзетулер республикалық бюджет жобасы параметрлерінің теңгерімін бұзбайды және экономиканы одан әрі тұрақты дамытуға және Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді шешуге бағытталған. Қаржы және бюджет комитеті "2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы заңының жобасына ҚР Парламенті Сенаты енгізген өзгерістер мен толықтыруларды келісу туралы ұсыныс жасады", - деді Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Анатолий Бойчин.

Құжат ел Президентінің қол қоюына жіберілді.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная