16 маусым 2022 14:47

Парламентке Елбасына қатысты жеке заңды алып тастау туралы норма ұсынылады

Жансая Қадыржанова Корреспондент
elbasy.kz

Парламент қарауына Тұңғыш Президент туралы жеке заңды алып тастайтын норма ұсынылады. Бұл туралы Әділет министрі Қанат Мусин мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Парламент қарауына Тұңғыш Президент туралы жеке заңды алып тастайтын норма ұсынылады. Бұл туралы Әділет министрі Қанат Мусин мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Конституциядан Тұңғыш Президент туралы жеке заң болуы керек деген норма алып тасталған соң, тиісінше бұл заң да алып тасталуы керек. Бұл Конституцияда қабылданған өзгерістерге сәйкес кейбір заңнамалық актілерге өзгеріс енгізу туралы заң жобасы шеңберінде болады. Ол биыл Парламент қарауына енгізіледі", - деді Мусин.

Әділет министрінің айтуынша, Қылмыстық кодексте Президенттің ар-намысы мен қадір-қасиетіне қолсұғушылық үшін жауапкершілік көзделетін жалпы бап қана қалады.

Реклама
Реклама

"Бұл барлық президентке ортақ. Елбасы үшін бөлек бап болмайды", - деп атап өтті Қанат Мусин.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram