Парламентте санкция туралы сөз қозғалғаннан кейін Ұлыбритания елшісі ҚР СІМ-ге шақырылды

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісі Ұлыбритания Парламентінде айтылған мәлімдемесі үшін Сыртқы істер министрлігіне шақырылды. Бұл туралы Қазақстанның сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бұл Парламентте жасаған бір депутаттың мәлімдемесі болды. Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісі жағдайды түсіндіру үшін ҚР СІМ-ге шақырылды. Одан түсініктеме күтеміз", - деді Нұрышев Мәжілістегі журналистердің сұрақтарына жауап беріп.

Реклама
Реклама

"Сыртқы істер министрлігі өткізетін іс-шараларды қадағаласаңыз, министр шетелге белсенді түрде шығатынын байқайсыздар. Түрлі алаңдарда - БҰҰ-да, адам құқықтары жөніндегі кеңесте сөз сөйлейді. Еліміздің жағдайы туралы толық ақпарат беріп отырғанымызды көріп отырсыздар", - деді ол.

1 наурызда Ұлыбритания парламентінің мүшесі Маргарет Ходж Ұлыбритания СІМ басшысынан "Путинді қолдайтын" Қазақстан мен Әзербайжанға қарсы санкциялар қарастырылып жатыр ма деп сұрады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама