02 мамыр 2020 | 13:53

Пәтерде тұратындарға коммуналдық қызметтер үшін 15 мың теңге төленуі мүмкін бе?

Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Бейбіт Шаханов ТЖ кезінде жалдамалы пәтерде тұратын қазақстандықтарға 15 мың теңге коммуналдық қызметтер үшін төлем берілуі мүмкін бе деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бас шатабтың Telegram-дағы арнасында бірнеше сұраққа жауап жарияланды. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Бейбіт Шаханов ТЖ кезінде жалдамалы пәтерде тұратын қазақстандықтарға 15 мың теңге коммуналдық қызметтер үшін төлем берілуі мүмкін бе деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бас шатабтың Telegram-дағы арнасында бірнеше сұраққа жауап жарияланды. 

Коммуналдық қызметтер бойынша көмекке өтінімді қашан беруге болады?

Реклама
Реклама

"Әкімдіктер қазірдің өзінде өтінімдерді қабылдайды. Төлемдер коммуналдық қызметтер үшін шоттарды ұсыну қорытындылары бойынша жүзеге асырылады", - деді Бейбіт Шаханов. 

Басқа адам комммқызметтерді төлеуге өтінім бере ала ма?

"Иә, жақын туыс немесе басқа уәкілетті тұлға. Бұл ретте растайтын құжаттар талап етілмейді", - деді ол.

Екі айдың төлемі 30 мың теңгеден аз болса, онда қалдығы қайтарыла ма?

"Жоқ, қалдық келесі айларға төлем шотына өтеді", - деді ол.

Сәуір айында үлгермегендер мамыр айында ала ала ма?

"Иә, төлем мамыр айында басталады, өйткені сәуір айының есебі мамыр айында қойылады. Сондықтан күте тұру керек", - деді Бейбіт Шаханов.

Сіз жалдамалы пәтерде тұрсаңыз?

"Қазір әкімдіктерге мұқтаждар санаты тұратын шоттар бойынша төлемдер жіберуге мүмкіндік береміз", - деді ол. 

Оның айтуынша, қазақстандықтардан күн сайын өтініш келіп түседі. Алдын ала есептеулер бойынша, 1 миллион 600 мың адам көмек алады.

Кімдерге коммуналдық қызметтер үшін 15 мың теңгеден төленеді?

Мемлекеттік органдардың ұсынысы негізінде төлем алушылардың келесі санаттары анықталды:

1, 2, 3 топ мүгедектері; мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
көпбалалы отбасылар; Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары, Ұлы Отан соғысы мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген тұлғалар; мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерін, әскери қызметін орындау барысында, ғарыш кеңістігіне ұшуға дайындық барысында немесе ұшу кезінде, адам өмірін құтқару және құқық тәртібін сақтау кезінде қаза тапқан тұлғалардың отбасылары; төмен және одан аз зейнетақы алатын зейнеткерлер; атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар, оның ішінде жалғызбасты зейнеткерлер.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная