Павел Дуров Telegram-дағы жаңа функция туралы айтты

Фото:depositphotos.com / Фото автора inkytape

Telegram негізін қалаушы Павел Дуров мессенджерге 200 адамға дейін қосылуға мүмкіндік беретін қауіпсіз топтық қоңыраулар функциясы қосылғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Telegram негізін қалаушы Павел Дуров мессенджерге 200 адамға дейін қосылуға мүмкіндік беретін қауіпсіз топтық қоңыраулар функциясы қосылғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл жаңалық туралы ол өзінің Telegram-арнасында жазды.

"Telegram-ды соңғы жаңарту сізге ультрақауіпсіз топтық қоңырау жасау мүмкіндігін береді. Олар тек шифрланумен ғана емес, тыңдаушы ретінде жасырын қосылуға ешкімнің мүмкіндігі болмауы үшін блокчейнге ұқсас технологиямен қорғалған!" – деді кәсіпкер.

Реклама
Реклама

Оның айтуынша, енді қолданушы кез келген қоңырауға, соның ішінде жеке қоңырауларға сілтемелер, QR-кодтар немесе тікелей шақыру арқылы 200 адамға дейін қоса алады.

"Ал егер сізге 200-ден көп қатысушы қажет болса, Telegram топтарындағы дауыс және бейнечаттар ондаған мың қатысушыны қоса алады", – деп түсіндірді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама