26 тамыз 2024 | 08:32

Павел Дуровты қамауда ұстау мерзімі ұзарды

Фото: t.me/world_news_eng_ru

Француз сот билігі жексенбіде Telegram негізін қалаушы Павел Дуровты қамауда ұстау мерзімін ұзартты. Ол Париж әуежайында өзі құрған мессенджерге қатысты құқықбұзушылықтар жасады деген күдікпен қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі AFP-ға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Француз сот билігі жексенбіде Telegram негізін қалаушы Павел Дуровты қамауда ұстау мерзімін ұзартты. Ол Париж әуежайында өзі құрған мессенджерге қатысты құқықбұзушылықтар жасады деген күдікпен қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі AFP-ға сілтеме жасап.

Тергеуге жақын дереккөздің мәліметінше, Дуровты қамауға алу мерзімі тергеу судьясының шешімі бойынша ең көп дегенде 96 сағатқа дейін созылуы мүмкін.

Осы кезең аяқталғаннан кейін судья босату немесе айып тағу және қамауда ұстау мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдауы мүмкін.

Реклама
Реклама

Француздық БАҚ Францияның Әділет министрлігі (OFMIN) алаяқтық, есірткі саудасы, кибербуллинг, ұйымдасқан қылмыс және терроризмді насихаттауды қоса алғанда, болжамды қылмыстарды алдын ала тергеу аясында Дуровты тұтқындауға санкция бергенін хабарлады.

Дуровқа оның платформасын қылмыстық пайдаланудың жолын кесу бойынша шаралар қабылданбады деп күдік тағылды.

Бұған жауап ретінде Telegram ЕО заңдарын, соның ішінде цифрлық қызметтер туралы заңды ұстанатынын мәлімдеді және мессенджердегі модерация "салалық стандарттарға сәйкес келеді және үнемі жетілдіріліп отырады" деп атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная