04 қыркүйек 2023 | 15:32

Павлодар әкімі Ержан Иманзайыпов қызметінен босатылды

Ержан Иманзаипов. Сурет: gov.kz

Павлодар әкімі Ержан Иманзайыпов қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Тиісті құжат 2023 жылдың 4 қыркүйегінде шықты.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Павлодар әкімі Ержан Иманзайыпов қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Тиісті құжат 2023 жылдың 4 қыркүйегінде шықты.

"Қазақстан Республикасы "Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 32-1-бабы 2-тармақшасына, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы ҚР Заңының 59-бабы 9-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 31 шілдедегі Жарлығына сәйкес облыс әкімі Н. Байхановтың өкімімен 2023 жылғы №290 "Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелері туралы" Иманзайыпов Ержан Бейбітұлы Павлодар қаласының әкімі қызметінен босатылды", - деп хабарлады өңір әкімінің баспасөз қызметі Tengrinews.kz тілшісінің ресми сұрауына.

Павлодар облысы баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір Павлодар әкімі міндетін қала әкімінің орынбасары Қадиша Беготаева атқарады.

Реклама
Реклама

Естеріңізге салайық, Ержан Иманзайыповты қызметтен босату туралы шешімді Павлодар облысының әкімі Асаин Байханов 26 тамызда Павлодар активімен кездесуде айтқан болатын. Осындай түбегейлі шараларды қабылдауға бағыныштылар арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жұмысты тиісінше ұйымдастырмау, қала тұрғындары үшін облыс орталығын дамыту және абаттандыру жөніндегі маңызды жобалардың іске асырылуын талап етілетін бақылаудың болмауы, қала әкімдігінің Павлодар тұрғындарымен коммуникациясының әлсіреуі себеп болды.

Кейінірек Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметінде Иманзайыповты жұмыстан шығару себептері туралы пікір білдіріп, негіздердің бірі павлодарлықтардың қала билігінің жұмысына қатысты көптеген шағымдары болғанын атап өтті. Сондай-ақ, Павлодар әкімі көмекшісінің сыбайлас жемқорлыққа күдікпен ұсталғаны туралы хабарланды. Кейінірек бұл ақпарат аймақтың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінде ресми түрде расталды.

1 қыркүйекте Асаин Байханов Парламентте Павлодар әкімін қызметінен кетуі оның көмекшісіне қатысты тергеумен байланысты ма деген сұраққа жауап берді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің ақпараты бойынша ешкім қамауға алынбаған.

Айта кетейік, биыл маусымда Павлодар әкімінің орынбасары Арслан Қалияқбаров тергеуге алынды. Ол мемлекеттік сатып алу шарты бойынша орындалған жұмыстардың актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін кәсіпкерден пара алды деп күдіктенеді. Ол ақша алғаннан кейін ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды деп хабарланған еді. Павлодар облысының әкімі шенеунікті ұстау туралы айтты.

Ержан Иманзайыпов былтыр желтоқсанда Павлодар әкімі қызметіне тағайындалған еді. Бұған дейін ол Екібастұз қаласының әкімі қызметін атқарды. 2020 жылдың көктемінде Иманзайыпов Павлодар облысының бұрынғы әкімі Әбілқайыр Сқақовтан сөгіс алған болатын. ТЖ жөніндегі штаб отырысында өңір басшысы карантин жағдайында қалалық ведомстволар арасында тиімді өзара іс-қимылдың жоқтығына назар аударып, нәтижесінде карантин мен оқшаулау режимі толық көлемде қамтамасыз етілмегенін атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная