ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 06 қараша 2020 15:19
Павлодар блокбекеттерінен қалай өтуге болатыны айтылды
Тағы бір қазақстандық қала карантинге жабылады. Бұл жолы Павлодарға кіріп-шығу шектелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы Павлодар облысының бас санитар дәрігері Батырбек Әлиевтің қаулысында жазылған.
"Бақылау-өткізу пунктері арқылы қозғалу үшін pvlinfo.kz сайтына тіркелу қажет (9-13 қараша аралығында - жұмыс берушінің мөрімен куәландырылған, еркін нысандағы анықтамасы болған жағдайда қозғалу)", - делінген құжатта.
Қаулыда жүріп-тұруға рұқсат берілген адамдардың тізімі де келтірілген: қалаға тұрақты тұратын адамдарға, төтенше жағдайлар және тіршілікті қамтамасыз ету қызметтеріне кіруге рұқсат етіледі. Толық тізімді мына сілтемеден табуға болады.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу