21 маусым 2023 | 17:39

Павлодар мұнай-химия зауыты жоспарлы күрделі жөндеуге тоқтатылды

Фото:pnhz.kz

Павлодар мұнай-химия зауыты жоспарлы күрделі жөндеуге тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі компания сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Павлодар мұнай-химия зауыты жоспарлы күрделі жөндеуге тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі компания сайтына сілтеме жасап.

ПМХЗ өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы заңнама талаптарына сәйкес "Павлодар мұнай-химия зауыты" ЖШС-де жоспарлы күрделі жөндеу басталғаны туралы хабарлады.

"Жұмыс кестесін ҚР Энергетика министрлігі бекітті, ол бойынша 2023 жылдың 20 маусымы мен 19 шілдесі аралығында Павлодар мұнай-химия зауытының жұмысы уақытша тоқтайды.

Кәсіпорында күрделі жөндеу кезінде жүргізілетін жұмыстың негізгі бөлігіне технологиялық жабдықтардың (құбырлар, пештер, бу құбырлары және т.б.) өнеркәсіптік қауіпсіздігін техникалық тұрғыдан куәландыру, жөндеу және сараптау кіреді. ҚР "Азаматтық қорғау туралы" Заңы мен саладағы қолданыстағы нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес, жоғарыда аталған жұмыстарды орындау кезінде зауыттың технологиялық объектілерін пайдалануды толық тоқтату талап етіледі", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Зауыт жұмысы тоқтайтын кезеңге бензин мен дизель отынының қоры жеткілікті мөлшерде жинақталған (тиісінше 37 мың және 47 мың тонна). Бұл көлем кәсіпорынды жөндеу кезінде өнімді бірқалыпты жөнелтіп отыруға мүмкіндік береді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная