28 қазан 2021 16:38

Павлодар мұнай-химия зауытында жөндеу жұмыстары мерзімінен бұрын аяқталды

Дина Шарипханова Корреспондент

Павлодар мұнай-химия зауытында жөндеу жұмыстары мерзімінен бұрын аяқталды. Бұл туралы "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар мұнай-химия зауытында жөндеу жұмыстары мерзімінен бұрын аяқталды. Бұл туралы "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Павлодар мұнай-химия зауытында жөндеу жұмыстары мерзімінен бұрын аяқталуына байланысты іске қосу операциясы басталды. 1 қарашадан бастап ПМХЗ барлық өнім желісін шығаруды қайта бастайды. Осындай жұмыстарды жүргізу үшін қолайсыз климаттық жағдайларға қарамастан, ПМХЗ ұжымы қойылған міндетті мерзімінен бұрын сәтті орындады", - делінген хабарламада.

Ұлттық компания мәліметінше, зауытта жөндеу жұмыстары барысында колонна ауыстырылып, құрамында сутегі бар газ құбыры мен мұнайды бастапқы өңдеу нысанындағы қазандық жөнделген; мұнайды өңдеу өндірісінде пештердің газ құбырын, тасымалдау желісін, сепараторларды және қос жылу алмастырғышты ауыстыру және басқа да бірқатар жұмыс атқарылған.

Реклама
Реклама

"Жөндеу процесінде жүргізілетін барлық шара өндіріс қауіпсіздігін тиісті деңгейде сақтауға, мұнай өнімдерінің сапасын сақтауға және қажетті экологиялық көрсеткіштерді сақтауға мүмкіндік береді", - деп қосты "ҚазМұнайГаз" өкілдері.

Бұл ретте "ҚазМұнайГаз" 2021 жылы Павлодар мұнай-химия зауытын жөндеу мерзімі үш рет кейінге шегерілгенін еске салады.

Бұған дейін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ПМХЗ-дағы жөндеу жұмыстарына байланысты отандық авиаотын нарығында керосин өндіру және әуежайлар мен әуекомпанияларды қамтамасыз ету бойынша белгілі бір қиындық туындағанын хабарлаған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram