ПОДЕЛИТЬСЯ
15 қаңтар 2020 | 20:57
Павлодар облысы әкімдігі "Бақауов ұсталды" деген хабарлама туралы пікір білдірді
Павлодар облысының әкімдігі "Болат Бақауов ұсталды" деген хабарламаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі өңірлік әкімдік баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Павлодар облысының әкімдігі "Болат Бақауов ұсталды" деген хабарламаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі өңірлік әкімдік баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"БАҚ-та, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде "Павлодар облысының әкімі ұсталды, тергеліп жатыр" деген мазмұндағы хабарламалар мен аудиожазбалар таралып жатыр. Дәл қазіргі уақытта аталған ақпаратты растайтын ресми деректер жоқ. Ресми деректер жарияланғанға дейін қандай да бір тұжырым жасаудан аулақ болуға шақырамыз. Біз Сіздерді өзіміздің әлеуметтік желілер арқылы хабардар ететін боламыз", - делінген әкімдік хабарламасында.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Павлодар (@pavlodar_region) 15 Янв 2020 в 6:37 PST
Осыған дейін WhatsApp-та Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов ұсталды деген аудиохабарлама таралып жатқаны айтылды. Аудиода ер адамның дауысы былай дейді: "бүгін, 15 қаңтарда, әкім ұсталды".
Ресми органдар әзірге осы хабарламаға қатысты пікір білдірген жоқ.
Болат Бақауов 2016 жылдың наурыз айында Павлодар облысының әкімі болып тағайындалды. Еңбек өтілін 1988 жылы Железин ауданы "Советский Казахстан" совхозының автогаражының жұмысшысы, жүргізушісінен бастаған. Железин ауданының "Бақауов" шаруа қожалығының басшысы болды, кәсіпкерлік қызметпен айналысты. 2011-2014 жылдар аралығында Ақсу қаласының әкімі, кейін Павлодар қаласының әкімі болып жұмыс істеді.
Показать комментарии
Читайте также