Павлодар облысы әкімінің орынбасары азық-түлік қымбаттағанына көз жеткізді

Фото: Тұрар Қазанғапов

Павлодар облысы әкімінің орынбасары Асаин Байханов жергілікті кәсіпкерлер азық-түлік бағасын себепсіз көтергеніне көз жеткізді. Бұл туралы шенеунік Instagram желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Павлодар облысы әкімінің орынбасары Асаин Байханов жергілікті кәсіпкерлер азық-түлік бағасын себепсіз көтергеніне көз жеткізді. Бұл туралы шенеунік Instagram желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бұған дейін павлодарлықтар әлеуметтік желіде азық-түлік бағасының Жаңа жыл қарсаңында аяқасты көтерілгеніне шағымданды. Олар қияр, қызанақ, мандарин және тағы басқа жеміс пен көкөністің қымбаттағанын жазды. Халықтың наразылығы орынды болып шықты, бұған аймақ басшысының орынбасары көз жеткізді.

"Кеше үйге азық-түлік алу үшін Сәтбаев көшесіндегі Small дүкеніне бардым. Сатып алушылар көп болды, кассада кезек ұзақ тұрды. Екі  күн бұрын "Рақмет" базарына көтерме бағаны қадағалау үшін барғанмын. Мен бұл шағымның орынды екенін қолдаймын, бағаның негізсіз көтерілгені көрініп тұр. Бұл әртүрлі дүкенде бір тауардың бағасы бірдей емес екенінен білінді. Оның үстіне олардың кейбірі бір-бірінен 50-100 метр жерде тұр", - деп жазды Байханов.  

Реклама
Реклама

"Біз бөлшек саудада азық-түлік бағасын тексеру үшін облыста аймақтық комиссия құру туралы шешім шығардық. Оның құрамында кәсіпкерлік және сауда, ауыл шаруашылығы басқармасының, антимонополия органы, СЭС өкілдері бар. Топқа өзім жетекшілік етемін", - деп жазды Байханов.

Облыс әкімінің орынбасары тексерістің қорытындысы туралы хабардар етуді уәде етті. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама