Павлодар облысында 50-ден аса адамға жолдардың нашарлығы үшін айыппұл салынды

Фото:depositphotos.com

Павлодар облысында 7 мың шақырым автожол тексерілді. Полиция жолдарды күтіп-ұстау мен құрылыс жұмыстары ережелерін сақтамау бойынша кемшіліктерді анықтап, оларды жою үшін 306 ұйғарым берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Тексеру қорытындысы бойынша, 51 лауазымды және заңды тұлға жауапкершілікке тартылды. Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 2,5 миллион теңгеден асқан. Айыппұл салынғандар қатарында Павлодар, Екібастұз және Ақсу қалаларындағы мердігер ұйымдар бар.

Заңбұзушылықтар аудандық және облыстық маңызы бар жолдарда да анықталған. Атап айтқанда, Павлодар қаласында "Павлодар жылу желілері" ЖШС, ал Солнечный кентінде "Баракат-ЭК" ЖШС учаске бастығы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама