05 қаңтар 2024 | 10:56

Павлодар облысында адамдар мінген автобус жер астына құлады: ТЖ орнындағы жағдай

видео кадры

"Майқайыңалтын" АҚ аумағында іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

"Майқайыңалтын" АҚ аумағында іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, опырылған жерде әлі де топырақ сырғып түсіп жатыр.

Құтқарушылар қауіпті режимде жұмыс істеп жатыр. Оқиға орнында Павлодар облысының әкімі Асаин Байханов пен ТЖ вице-министрі Мереке Пішембаев бар.

Реклама
Реклама

"Іздеу жұмыстарына Астана қаласы мен Павлодар облысы ТЖД кинологиялық есептоптары тартылды. Оқиға орнында барлығы 97 адам және ТЖМ, полиция, КӘАҚҚ РОШ, "103" қызметі бөлімшелерінің, сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдардың 23 техникасы жұмылдырылды", - делінген хабарламада.

Еске салайық, 4 қаңтарда сағат 01:25 шамасында Баянауыл ауданындағы "Майқайыңзолото" АҚ аумағында, Майқайың кеніші шахтасының маңында төрт жолаушысы бар автобус тазарту кеңістігіне құлап кетті. Автобустың ішінде төрт адам болды: кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтері республикалық орталық штабы Павлодар филиалының үш құтқарушысы және бір жүргізуші. Шахтадан 33 жұмысшы эвакуацияланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная