14 маусым 2024 | 14:42

Павлодар облысында әкімнің орынбасары жазаланды

Фото:depositphotos.com

Ақсуда прокурорлар 500 миллион теңге болатын заңбұзушылықты анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ақсуда прокурорлар 500 миллион теңге болатын заңбұзушылықты анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

Ақсу прокурорлары "Ауыл - Ел бесігі" мемлекеттік бағдарламасы аясында құрылыс бөлімі салынып жатқан нысандар үшін шамамен 500 миллион теңгені негізсіз аударғанын анықтады.

"Атап айтқанда, тапсырыс беруші 5 дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салуды жүзеге асыратын мердігерлерге орындалмаған жұмыс түрлері үшін алдын ала төлем жасаған. Бұл ретте, құрылыс-монтаждау жұмыстары пайдалануға беру кестесінен 5 айға кейін қалып жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Қадағалау актісі бойынша Ақсу әкімдігі артық төленген бюджет қаражатын қайтару бойынша наразылық талап қою жұмыстарын жүргізіп жатыр, бүгінде мемлекетке 60 миллион теңге қайтарылғаны айтылды.

"Заңбұзушылықтар үшін Ақсу әкімінің орынбасары тәртіптік жазаға тартылды, ал құрылыс бөлімінің басшысы Әдеп жөніндегі кеңеспен мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін жұмыстан шығаруға ұсынылды".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная