01 қазан 2020 | 11:57

Павлодар облысында алимент төлемеген тұрғын пәтерінен айырылды

Фото: money22.ru

Екібастұз қаласының тұрғыны алимент төлеуден жалтарғаны үшін пәтерінен айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Әділет министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Павлодар облысының жеке сот орындаушысы алимент бойынша қарызы үшін Екібастұз қаласы тұрғынының 4 бөлмелі пәтерін сатқан.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Екібастұз қаласының тұрғыны алимент төлеуден жалтарғаны үшін пәтерінен айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Әділет министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Павлодар облысының жеке сот орындаушысы алимент бойынша қарызы үшін Екібастұз қаласы тұрғынының 4 бөлмелі пәтерін сатқан.

"2016 жылдан бері әкесі баласына жалпы сомасы 2,2 миллион теңге көлемінде қарыз болған Ол алимент төлемеген. Борышкер бірнеше рет жеке сот орындаушысына шақырылып, баласына алимент төлеу қажеттілігі туралы ескерту жасалған. Алайда, ол сот шешімін назарға алмай, туған баласына көмектесуге асықпаған", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Осыған байланысты Павлодар облысының жеке сот орындаушысы Екібастұз қалалық сотына жылжымайтын мүлікті өндіріп алу туралы ұсыным берген.
 
"Кейін электронды аукцион қорытындысы бойынша тұрғынның 4 бөлмелі пәтері 4,6 миллион теңгеге сатылды. Жеке сот орындаушысының әрекетінің нәтижесінде бала 2,2 миллион теңге мөлшеріндегі қаражатқа ие болды, қалған сома борышкерге қайтарылды", - делінген хабарламада.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная