Павлодар облысында әскери қызметшіден ақша бопсалады деген күдіктілер ұсталды

Дина Шарипханова Корреспондент
видео кадры

Павлодар облысында ақша бопсалады деген күдікпен екі тұрғын ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Павлодар облысында ақша бопсалады деген күдікпен екі тұрғын ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Павлодарда облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл қызметкерлері әскери қызметшіден ақша бопсалады деген күдікпен облыс орталығының екі тұрғынын ұстады.

"Тергеу деректеріне сәйкес, күдіктілер бірнеше ай бойы әскери қызметшіге моральдық-психологиялық қысым көрсетіп, оның ақшалай қаражатын иемденген. Ұсталғандар бұрын бірқатар қылмыс жасады деген күдікке ілінген адамдардың ортасында жүрген. Қазіргі уақытта екі күдікті сот санкциясымен 2 ай мерзімге қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр, сондай-ақ олардың басқа қылмыстық эпизодтарға қатыстылығы тексеріледі", – дейді Павлодар облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Болат Нұрсеитов.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама