Павлодар облысында депутаттар салықты заңсыз көтерген

Павлодар облысында депутаттар салықты заңсыз көтерген Фото:depositphotos.com

Ақсу мәслихаты ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге салынатын базалық салықтық мөлшерлемелерін негізсіз 10-нан 50 пайызға дейін ұлғайтқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратура мәліметіне сілтеме жасап.

Салық кодексінің талаптары бойынша жердің осы түріне мөлшерлемені көтеруге жол берілмейді.

"Осыған байланысты Ақсу қаласының прокуратурасы мәслихат шешіміне наразылық білдірді. Нәтижесінде салық міндеттемелері төмендетілген 760-тан астам кәсіпкерлердің құқықтары қалпына келтірілді. Баянауыл ауданының прокуратурасы аумақтық мәслихаттың 650-ден астам бизнес субъектілерінің құқықтарын қозғайтын осындай шешіміне наразылық білдірді", - делінген хабарламада.

Жарнама
Жарнама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама