31 наурыз 2020 | 10:21

Павлодар облысында "екі ауыл карантинге жабылды" деген хабар таратқан ер адам ұсталды

Фото: kabar.kg

Павлодар облысының тұрғыны жалған ақпарат таратқаны үшін 15 тәулікке түрмеге қамалды, -  деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Павлодар облысының тұрғыны жалған ақпарат таратқаны үшін 15 тәулікке түрмеге қамалды, -  деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полицияның хабарлауынша, 29 наурызда ер адам WhatsАpp-та "Южный және Баянауыл ауылдарын 10 күнге карантинге жабылады" деп ақпарат таратқан.

Реклама
Реклама

"Ақпарат шындыққа жанаспайды. Ол фейк. Баянауыл ауданының полиция бөлімі желіде таралған дауыстық хабарламаның авторын анықтады. Ол - 1974 жылы туған ауыл тұрғыны", - делінген облыстық полиция департарментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Жалған ақпарат таратқан тұрғынның айтуынша, ол дауыстық хабарламаның үйде жазып, желідегі "Сыныптастар-74" тобына жіберіпті. Бұл хабарлама тек жақын адамдарға арналған екен.

"Ер адамның үстінен Әкімшілік кодекстің 478-бабы ("Төтенше жағдай кезiнде құқықтық тәртiпті бұзуға итермелейтiн әрекеттер") бойынша іс қозғалды. Баянауыл ауданының сотының шешімен заң бұзған тұрғын 15 тәулікке қамауға алынды", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, ер адам жалған ақпарат таратқаны үшін облыс тұрғындарынан кешірім сұрады.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная