05 шілде 2023 | 16:00

Павлодар облысында жаңа төселген асфальт тұрғындардың ашуына тиді

Алғабек Хамитұлы Корреспондент
видео кадры

Павлодар облысы Хмельницкий ауылындағы көшелердің біріне мемлекеттік бағдарлама бойынша төселген жаңа асфальт бүлініп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Павлодар облысы Хмельницкий ауылындағы көшелердің біріне мемлекеттік бағдарлама бойынша төселген жаңа асфальт бүлініп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Жергілікті тұрғындар мердігер компанияның жұмысына наразы. Жылдар бойы сұрап келген жол "күзге таман жарамсыз болып қала ма" деп қауіптеніп отыр.

"Ол қазірдің өзінде бұзылып жатыр. Жолдың қалай жасалғанын аңғару қиын емес. Оның бәрі қисық. Қиыршық тас бір жерде кішкентай, бір жерде кәдімгі тастар жатыр. Көрініс жасау үшін ғана үнемдеп, жасалған секілді. Кейбір жерлерде асфальт құмның үстіне төселген кейбір жерлері опырылып жатыр. Жөндеу жұмыстарын депутаттық компания жүргізді, бұл шынымен де мүмкін бе? Бұл біздің ақшамызға жасалды ғой", - деді ашуланған жергілікті тұрғындар.

Реклама
Реклама

Жылы-Бұлақ ауылдық округінің әкімі Ақылбек Сұлтанов жол саласының маманы болмағанын мойындағанымен, жол төсемдерінің тегіс еместігін де байқаған. Сондай-ақ, "Ауыл – ел бесігі" мемлекеттік бағдарламасы бойынша көшеге орташа жөндеу жұмыстарын аудандық депутаттың компаниясы жүргізіп жатқанын растады.

Бұл көшеден басқа мердігер тағы екі көшені жөндеуі керек, оларда да асфальт жоқ.

"Көшелердің жалпы ұзындығы 2,7 шақырым. Орташа жөндеуге шамамен 81 миллион теңге бөлінді, тендер жарияланды, бірақ өтініш берушілер болмады. Виктор Лямцев ЖШС жұмысты 72 миллион теңгеге орындауды ұсынды және онымен келісімшарт жасастық. Ол біздің аудандық мәслихаттың депутаты. Абай көшесіндегі жөндеу жұмыстары енді ғана аяқталды. Тұрғындардың шағымдарынан кейін біз сынама алу үшін және сараптама жүргізу үшін мамандарды шақырдық. Мен өзім маман емеспін, бірақ олқылықтар бар", - деп мойындады ауылдық округ әкімі Ақылбек Сұлтанов.

Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығының Павлодар облыстық филиалы жол ақауларының бар екенін растады.

"Қалған асфальтбетон жабынының көлденең және бойлық еңістерін өлшеу жұмыстары жүргізілді. Өлшемдер бойынша 1,5-тен 4 сантиметрге дейін тегістікке қойылатын стандарттық талаптардан олқылықтарға жол берілген. Бөлімдерде жабынның ақаулары анықталды. Кейбір жерлерде жаяу жүргіншілер өткелінің жиегінің жарықтар мен саңылаулар түрінде бұзылуы байқалады", - деді ұлттық орталық филиалының мамандары.

Мамандар сараптамаға асфальт үлгілерін де таңдап алды. Зерттеу нәтижелері кейінірек жарияланады. Тексерушілердің талаптарымен мердігердің өзі келіседі.

"Бізге айтылған барлық ескертулер мен анықталған кемшіліктерді жоямыз", - деп сендірді мердігер.

Сонымен қатар, заң бойынша орташа жол жөндеуге кепілдік 2 жылға жарамды.

Осыған дейін Жаңаөзенде жергілікті тұрғындар жаңадан төселген асфальттың сапасына шағымданған болатын. Жабыны жұқа, кілемдей, қолмен айналдыруға болатындай асфальттың видеосы тараған болатын. Жергілікті тұрғындардың арызынан кейін жол тексеріліп, бар ақауларды жоюға уәде берілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная