Павлодар облысында жантүршігерлік жол апатынан Lexus жүргізушісі қаза тапты

Дина Шарипханова Корреспондент
Павлодар облысында жантүршігерлік жол апатынан Lexus жүргізушісі қаза тапты видео кадры

Павлодар облысында Lexus көлігінің жүргізушісі жолдан шығып кетіп, оқиға орнында қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Павлодар облысында Lexus көлігінің жүргізушісі жолдан шығып кетіп, оқиға орнында қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Павлодар облысы Полиция департаменті мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 16 қазанға қараған түні Баянауыл ауданында болған.

"Алдын ала деректер бойынша, Lexus RX 330 жүргізушісі рульге ие бола алмай, Қалқаман – Керней тасжолы бойында, Бірлік ауылының маңында жол жиегіне шығып кеткен", – деп хабарлады полиция.

Реклама
Реклама

Қайғылы оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр. Жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама