08 қазан 2021 | 16:36

Павлодар облысында жауған қарды видеоға түсірген әйелден аудан әкімі кешірім сұрады

Жансая Қадыржанова Корреспондент

Желіде Баянауыл ауданының әкімі Қанат Кәрімовтің Егіндібұлақ ауылындағы ауа райының қолайсыздығын видеоға түсірген әйелден кешірім сұраған видеосы тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Желіде Баянауыл ауданының әкімі Қанат Кәрімовтің Егіндібұлақ ауылындағы ауа райының қолайсыздығын видеоға түсірген әйелден кешірім сұраған видеосы тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеода кешірім сұрап келген аудан әкімі мен әйелдің эмоцияға берілген диалогы көрсетіледі.

"Ауыл әкімі келіп, әкімдікке есеп беру керегін айтты, сондықтан мені видеоға түсіру керек екен", - дейді ауыл тұрғыны.

Реклама
Реклама

Осы сәтте оның сөзін ер адамның дауысы бұзады. Шамасы, бұл - ауыл әкімі Самат Ибраев. Ол бұлай айтпағанын мәлімдейді. Әйел бәрі солай болғанын дәлелдегісі келеді.

"Кешіріңіз, мен әкімдерге тұрғындармен сөйлессін деп тапсырдым. Егер мәселе туындаса, шешсін дедім. Әкім дұрыс түсінбеген", - дейді Каримов.

Бірақ ауыл тұрғыны шенеуніктерге оны видеоға түсіруге, одан кейін таратуға ешкім рұқсат бермегенін айтты.

"Дұрыс айтасыз. Сіз сотқа барып, арыз жаза аласыз, бұл сіздің құқығыңыз, мен ауыл әкімінің дұрыс түсінбегеніне кешірім сұраймын. Қазір ешқандай техника жоқ, Баянауылдан алып келеміз, сіздің аулаңызды ғана емес, тағы 4-5 ауланы тазалаймыз", - дейді аудан басшысы.

Желі қолданушылары шенеуніктің кешірімін пародия деп санап, бұл жолы тек ауылдың ғана емес, ауданның әкімін жұмыстан шығаруды талап етті.

"Олар әйел өтірік айтқандай көрсетті. Жала жапқаны үшін және қорлық көрсеткені үшін сотқа беру керек!", "Бәрін жұмыстан шығару керек, ұятсыздар, әйелді қорлады", "Шенеуніктер өздерін бай санап, қарапайым адамдармен бай сияқты сөйлеседі. Ұят",- деп жазды пікір жазушылар.

Еске салайық, қарды видеоға түсіргені үшін Егіндібұлақ тұрғынын Құндыкөл ауылдық округінің әкімі Самат Ибраев видеоға түсірген. Шенеунік үй маңында екі метрлік қар бар-жоғын білу үшін және оған көмек керегін білуге барған. Әкімнің айтуынша, ол ауыл тұрғынынан кешірім сұрауды талап етпеген.

Баянауыл ауданының әкімдігі ауыл әкімінің бұйрықты дұрыс түсінбегенін және ауылды қардан тазартуды ұйымдастырудың орнына, әйелден түсініктеме алуға барғанын хабарлады. Аудан басшысы ауыл әкімінің бұл әрекеті үшін әйелден кешірім сұрағанын айтып, оны жазалауға уәде берген.

Кейін Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері департаменті Ибраевқа қатысты тәртіптік іс қозғалғанын хабарлады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная