ПОДЕЛИТЬСЯ
30 мамыр 2024 | 09:40
Павлодар облысында жер қатынастары бөлімінің басшысы сотталды
Павлодар облысында ауданның жер қатынастары бөлімінің басшысы сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Павлодар облысында ауданның жер қатынастары бөлімінің басшысы сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ертіс ауданында прокурорлық тексеріс жүргізіліп, ауданы 3 мың гектардан асатын 2 жер учаскесін ірі шаруашылыққа заңсыз беру фактілері анықталды.
Оң қорытынды алу үшін жер қатынастары бөлімі жер комиссиясының қарауына бұрмаланған деректерді ұсынған.
Атап айтқанда, елді мекендер жерлерінің санаты босалқы және ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге ауыстырылған.
Осындай әрекеттердің нәтижесінде мемлекетке жерді жалға алу сомасын 80 млн. теңгеге төмендету түрінде залал келтірілді, сондай-ақ жайылымдардың тапшылығы салдарынан жеке мал басын мәжбүрлеп төмендеткен ауыл тұрғындарының құқықтары бұзылды.
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша жерлер мемлекетке қайтарылды және қазір жергілікті халықтың ортақ пайдалануында.
Лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану фактісі бойынша облыс прокуратурасы сотқа дейінгі тергеу жүргізді.
22 мамырда сот үкімімен жер қатынастары бөлімінің басшысы ҚК-тің 361-бабының 4-бөлігі 3)-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также