ПОДЕЛИТЬСЯ
03 сәуір 2023 | 17:16
Павлодар облысында жұмыс орнында ішімдік ішкен әкім жұмыстан қуылды
Павлодар облысында жұмыс орнында ішімдік ішкен ауыл әкімі жұмыстан босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Павлодар облысында жұмыс орнында ішімдік ішкен ауыл әкімі жұмыстан босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қол астындағы қызметкерді жұмыстан босату туралы шешімді Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекин қабылдады.
Бұған дейін Әлкей Марғұлан атындағы ауылдың әкімі Бауыржан Бозтаевты жұмыс орнында ішімдік ішкені үшін қызметінен босату ұсынылған болатын.
"Әдеп жөніндегі кеңестің ұсынысымен Әлкей Марғұлан атындағы ауыл әкімі Бауыржан Бозтаев қызметінен босату түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды", - деп хабарлады Екібастұз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Ведоиство мәліметінше, ауыл тұрғындары өздері сайлаған әкімге жұмыстан босатудан басқа жаза қолдануды сұраған болатын. Бірақ бұл өтініш ескерілмеген.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также