06 ақпан 2023 | 14:30

Павлодар облысында кабельге асылып өлмек болған ер адам құтқарылды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Павлодар облысында полицей кабельге асылып өлмек болған ер адамды құтқарып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Павлодар облысында полицей кабельге асылып өлмек болған ер адамды құтқарып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 5 ақпанда сағат 12:00 шамасында учаскелік полиция инспекторы Дулат Бейсекенов Успен ауданы Константиновка ауылының әкімшілік учаскесін аралау барысында есепте тұрған тұлғаларды тұрғылықты жері бойынша тексеруді шешкен.

"Бірнеше үйді тексеріп, "маскүнемдік" санаты бойынша ішкі істер органдарында есепте тұрған 59 жастағы ауыл тұрғынына бардым. Есікті жұбайы ашып, күйеуінің көшеде екенін айтты. Үйдің артына барған едім, ер адамның үйдің қабырғасына кабельді іліп, өзіне-өзі қол жұмсамақ болғанын көріп қалдым. Дереу жүгіріп барып, көтеріп алдым да, терезені қағып, пышақ алып шығуды өтіндім", - деді полиция капитаны Дулат Бейсекенов.

Реклама
Реклама

Өмірмен қош айтыспақ болған тұрғынның ұлы пышақ алып келген кезде тәртіп сақшысы одан әкесін ұстауға көмектесуді өтініп, өзі қабырғаға баспалдақ қойып, көтеріліп, кабельді кесіп жіберген. Бұдан кейін туыстарынан жедел жәрдем шақыруды өтініп, жедел жәрдем келгенге дейін ер адамның қасында болған. Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін ер адам облыстық психоневрологиялық диспансерге жатқызылды.

Ер адамның алкогольдік ішімдіктерді асыра пайдаланатыны және еш жерде жұмыс істемейтіні белгілі болды.

Капитан Бейсекеновтің ішкі істер органдарында 2013 жылдан бері қызмет етіп жүрген, 2019 жылы учаскелік полиция қызметкері лауазымына тағайындалған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная