08 наурыз 2023 | 11:51

Павлодар облысында қатты соққан жел салдарынан 21 ауыл жарықсыз қалды

Павлодар облысы ТЖД

Павлодар облысында түнде соққан қатты жел салдарынан облыстағы 21 ауыл жарықсыз қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Павлодар облысында түнде соққан қатты жел салдарынан облыстағы 21 ауыл жарықсыз қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі өкілдерінің мәліметінше, электр желілеріндегі апатты жоюға 22 адам мен 5 техника жұмылдырылған.

Ведомствоның мәліметінше, желдің екпіні секундына 27 метрге дейін жеткен.

Реклама
Реклама

"8 наурызда сағат 04:15-те Жаңатлек кентінде Б.Хайдаров атындағы мектептің 51 шаршы метр аумақта шатыры жартылай опырылды", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі өкілдері.

Ал Павлодарда сағат 06:30-да 4 қабатты әкімшілік ғимарат шатырсыз қалды.

"Ғимараттың 1440 шаршы метр алаңында қаңылтыр шатыр ұшып кеткен. Ғимарат 1980 жылы салынған және кейінгі рет былтыр жөндеуден өткен", - деп хабарлады министрлік өкілдері.

Ведомство мәліметінше, құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Желі қолданушылар түнгі дауыл салдарын түсірген фотолар мен видеоларды жариялап жатыр. Жел Павлодар жағалауындағы Ertis Promenade сахнасының қаптамасын да жұлып әкеткен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная