ПОДЕЛИТЬСЯ
09 тамыз 2023 | 14:31
Павлодар облысында көпбалалы отбасының үйі өртеніп кетті
Павлодар облысында өрт салдарынан екі жасар қыз қайтыс болды. Тағы бір баланы күйік шалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Павлодар облысында өрт салдарынан екі жасар қыз қайтыс болды. Тағы бір баланы күйік шалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оқиға 9 тамызда Павлодар облысының Береговое ауылында болды. Көпбалалы отбасының үйі өртеніп кетті. Өрт 80 шаршы метрді шарпыған.
"Өрт кезінде 2019 жылы туған бала зардап шекті. Бала 1-2-дәрежелі термиялық күйік алды. 2021 жылы туған тағы бір сәби қайтыс болды", - деді Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Фото: Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі
Шенеуніктердің айтуынша, оқиға кезінде анасы сыртта болған. Күйік шалған 4 жасар баланы ата-анасы өздері аман алып қалды.
Жалын жеке үйді толығымен жарамсыз етіп тастады. Сегізінші баласын күтіп отырған көпбалалы отбасы баспанасыз қалды. Өрт 11:45-те оқшауланып, жарты сағатта толығымен жойылды. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также