ПОДЕЛИТЬСЯ
05 қыркүйек 2020 | 10:06
Павлодар облысында коронавирустың екінші толқынына дайындық жүріп жатыр
Павлодар облысының денсаулық сақтау жүйесінде коронавирустың екінші толқынына дайындық жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды "Обозрение Недели".
ПОДЕЛИТЬСЯ
Павлодар облысының денсаулық сақтау жүйесінде коронавирустың екінші толқынына дайындық жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды "Обозрение Недели".
Дәрігерлер бүгінде аймақтағы эпидемиологиялық ахуал тұрақты екенін айтады. Алайда вирустың екінші толқыны болуы мүмкін. Сонымен қатар, балалар арасында ЖРВИ белгілері бар науқастардың өсуі байқалады.
Соңғы бірнеше күн ішінде қалалық емхана жанындағы вирус белгілері бар балаларға мобильді бригадаларды шақыру саны артқан. Бұл туралы аурухананың бас дәрігері Алтай Төлебаев айтты.
"30 қоңыраудың 24-і балаларға қатысты. Көбіне бала бақшадағы кезекші топтарға барғандар", - дейді дәрігер.
Аймақтағы денсаулық сақтау жүйесінің екінші толқынға дайындығы туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Біржан Досмайылов айтып берді.
"Коронавирус инфекциясының екінші толқыны болуы мүмкін, сол бойынша дайындық жүріп жатыр. 200 орындық жаңа модульдік аурухана мен Сұлтанов атындағы облыстық аурухана жанындағы жұқпалы аурулар корпусы, № 1 аурухана жанындағы қабылдау бөлмесінің корпусы салынып жатыр. Жасанды тыныс алдыру аппараты сатып алынып жатыр, жедел жәрдем бригадасының саны көбейтілді. 45 күнге арналған жеке қорғаныш құралдары мен дәрілер бар", - дейді ол.
Айта кетейік, 5 қыркүйектегі жағдай бойынша, Павлодар облысында коронавирус жұқтырғандардың саны 3853-ке жетті. Оның ішінде, 3361 адам аурудан айықса, 48 адам қайтыс болған.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также