ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 05 қараша 2025 17:42
Павлодар облысында тұрғын заңсыз 300 келіге жуық балық аулаған
Павлодар облысында 300 келіге жуық заңсыз балық аулаған тұрғын анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Павлодар облысында 300 келіге жуық заңсыз балық аулаған тұрғын анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
20 қазаннан бастап өңір аумағында "Браконьер" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.
"Рейдтік іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың 111 дерегін анықтады. Полицейлер Май ауданында Нива көлігін тоқтатып, тексерген. Тексеріс барысында көліктен шамамен 278 келі болатын балық табылды. Ал аулаған азаматтардың рұқсат берілген тиісті құжаты жоқ боп шықты. Барлық құқық бұзушылықтар бойынша тексерулер жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаменті.
Полиция табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу