11 мамыр 2023 | 16:16

Павлодар облысында ұйықтап кеткен жүргізуші полицейлердің көлігіне соқтығысты

Павлодар облысында ұйықтап кеткен жүргізуші полицейлердің көлігіне соқтығысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Павлодар облысында ұйықтап кеткен жүргізуші полицейлердің көлігіне соқтығысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ішкі істер министрлігінің ресми Telegram-каналында 11 мамырда Омбы-Майқапшағай автожолының 559 шақырымында Аққулы ауданы Шарбақты ауылының маңында такси жүргізушісі Skoda Superb автокөлігінде қауіпсіз қозғалыс жылдамдығын таңдамай, Skoda Rapid патрульдік автокөлігімен соқтығысқаны жазылды.

"Жол апаты салдарынан Skoda Superb автокөлігінің жолаушылары: Өскемен қаласының 26 жастағы тұрғыны, Абай облысының 21 жастағы тұрғыны және 2013 жылы туған кәмелетке толмаған астаналық медициналық көмекке жүгінді.

Автопатрульдің 60 км/сағ жылдамдықпен қозғалғаны анықталды. Шағын жарқырауықтар мен фаралар қосылған. Жүргізушінің айтуынша, көлікті басқарған кезде ол рульде ұйықтап кеткен", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Жол жүру ережелерін бұзғаны үшін Skoda Superb жүргізушісі ҚР ӘҚБтК 610-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, материал шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді.

Сондай-ақ Павлодар облысының ПД қызметтік автокөлік бойынша материалдық залалды өтеу үшін сотқа жүгінуге ниетті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная