Павлодар облысындағы блокбекеттер алынады

© Тұрар Қазанғапов

Павлодар облысында карантин шаралары жеңілдетіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Павлодар облысында карантин шаралары жеңілдетіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жаңа қаулыға өңірдің бас санитар дәрігері Батырбек Әлиев қол қойды.

"14 желтоқсаннан бастап облыс коронавирус бойынша "сары" аймаққа кірді. Эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына байланысты Павлодар периметрі бойынша және өңір шекараларында орнатылған блокбекеттер алып тасталады. Қалааралық, ауданаралық автобус, шағын автобустардың жолаушылар тасымалы жаңартылады", - деді өңірлік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Гүлнар Ақылбекова брифингте.

Реклама
Реклама

Облыстың бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы 2020 жылдың 16 желтоқсанында сағат 00.00-ден бастап күшіне енеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама