16 шілде 2020 | 16:00

Павлодар облысындағы дәріханаларда препараттардың тұрақты қоры болады

Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Ысқақовтың тапсырмасына сәйкес "Павлодар" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы және қазақстандық ірі фармацевтикалық компания шарт жасады. Оған сәйкес аймақтағы дәріханаларға жүйелі түрдегіден бөлек, ыстық түсіретін, вирусқа қарсы препараттар, сондай-ақ антибиотиктер мен антикоагулянттар үздіксіз жеткізіліп тұрады. Барлығы - 37 атау. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Ысқақовтың тапсырмасына сәйкес "Павлодар" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы және қазақстандық ірі фармацевтикалық компания шарт жасады. Оған сәйкес аймақтағы дәріханаларға жүйелі түрдегіден бөлек, ыстық түсіретін, вирусқа қарсы препараттар, сондай-ақ антибиотиктер мен антикоагулянттар үздіксіз жеткізіліп тұрады. Барлығы - 37 атау. 

Бұл тапсырысты орындау үшін фармкомпанияға қайтару және мақсатты пайдалану шарты арқылы 220 миллион теңге айналымға берілді. Шарт аясында дәрілердің алғашқысы келесі аптаның бірінші жартысында жеткізіледі.

Реклама
Реклама

"Облыстағы қалалар мен аудандарға дәріні 100-ден астам дәріханасы бар 55 субъекті кіретін аймақтың фармацевттер қауымдастығы бөліп береді. Дәрі үздіксіз жеткізіледі. Қазір сұранысы жоғары препараттар туралы айтып отырмыз... Осылайша Павлодар облысындағы барлық дәріханада кем дегенде бір айлық дәрі қоры болады", - деді облыс әкімінің орынбасары Асаин Байханов.

Дәрі болмай қалмауы үшін аталған шарт аясында Кәсіпкерлік және сауда басқармасы, Тауарлар мен  қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті және "Қазмедфарм" Павлодар облысының дәрігерлер, провизорлар және фармацевтер қауымдастығының өкілдері меморандумға қол қойды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная