04 қаңтар 2024 11:45

Павлодар облысындағы шахта маңында адамдар мінген автобус жер астына түсіп кетті

Павлодар облысында жұмысшылар мінген автобус шахтаға құлап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар облысында жұмысшылар мінген автобус шахтаға құлап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өңірдегі ТЖД баспасөз қызметі мәліметінше, 4 қаңтарда сағат 01:25 шамасында Павлодар облысының Баянауыл ауданында "Майқайыңзолото" АҚ аумағында, Майқайың кеніші шахтасының маңында тазарту кеңістігіне төрт жолаушысы бар автобус құлаған. Ведомствоның баспасөз қызметі мәліметінше, опырылған жер ұзындығы 150-200 метр, ені 500 метр, тереңдігі 150 метр.

"Оқиға кезінде автобуста КӘА ҚҚРОШ Павлодар филиалының үш құтқарушысы мен жүргізушісі болған. Шахтадан 33 жұмысшы эвакуацияланды, олардың өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Реклама
Реклама

Жедел штаб құрылып, оқиға орнында Павлодар облысының әкімі Асайн Байханов, Төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы мен жергілікті атқарушы органдар жүр. Психологтар жұмыс істеп жатқаны айтылды.

Авариялық-құтқару жұмыстарына "Майқайыңзолото" АҚ кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтері Павлодар филиалының, Жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ ТЖ департаменті құтқарушыларының күштері мен құралдары жұмылдырылған. Барлығы 44 адам, 13 техника және бір ҰҰА (дрон) жұмылдырылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram