11 қыркүйек 2023 | 12:21

Павлодар облысының әкімі жануарларын үйсіз қалдырып жатқан тұрғындарды сөкті

© instagram/asaiyn.baikhan

Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов Instagram-парақшасында саяжай маусымы аяқталғаннан кейін жануарларды босатып жіберетін тұрғындарды сөкті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "inbusiness.kz-ке" сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов Instagram-парақшасында саяжай маусымы аяқталғаннан кейін жануарларды босатып жіберетін тұрғындарды сөкті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "inbusiness.kz-ке" сілтеме жасап.

"Саяжайға жақын аудандарда иттердің көбеюінің негізгі себебі - саяжайдағы тұрғындар жазда иттерді өз бақтарын күзету үшін пайдаланып, ал маусым біткеннен кейін оларды босатып жіберуі. Саяжай тұрғындары жазықсыз үй жануарларын жіберер алдында олардың көбеймеуі үшін ең болмағанда зарарсыздандыруы керек еді", - деп жазды Байханов.

Сонымен қатар, 6 қыркүйектегі жағдай бойынша Павлодарда 1797 ит пен мысық чиптелген. Үй жануарларын есепке қою және чипті енгізудің орташа бағасы - 3,5-4 мың теңге.

Реклама
Реклама

Павлодар облысы ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Асылтас Тілеубаевтың айтуынша, жануардың иесі әлеуметтік осал топтардың санатына жататын болса, үйсіз және үй жануарларын чиптеу мемлекет есебінен жүргізіледі. Бұл үшін 17 миллион теңге бөлінді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная