25 қараша 2024 | 13:45

Павлодар облысының әкімі өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады

Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында облыс әкімі Асайын Байханов 2024 жылдың 10 айындағы өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларын баяндады.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында облыс әкімі Асайын Байханов 2024 жылдың 10 айындағы өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларын баяндады.

Өңір басшысы облыстың инвестициялар тартудағы, агроөнеркәсіп кешенін әртараптандырудағы, әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғыртудағы, кешенді экологиялық шешімдерді енгізудегі жетістіктері туралы айты.

Биылғы жылы Павлодар облысының экономикасының өсуі нақты сектор салалары есебінен қамтамасыз етілді:

Реклама
Реклама
  • өнеркәсіпте - 103,6 пайыз,
  • ауыл шаруашылығында - 120,9 пайыз;
  • құрылыста - 116,3 пайыз.

Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2,8 триллион теңгеге жетті, ал өңдеу секторы +8,2 пайыз триллион теңгеге өсті. Өңір өңдеуші өнеркәсіп көлемі бойынша еліміздегі үздік 3 өңірдің қатарына кірді және шикізаттық емес экспорт бойынша 5-ші орынға тұрақтады.

Сондай-ақ, Павлодар облысы өсу қарқыны бойынша инвестиция тарту бойынша көшбасшылықты сақтап келеді, республикада 2-орында.

Жыл басынан бері өңір экономикасына 815 миллиард теңге инвестиция салынды, бұл өткен жылғы көрсеткіштен +30 пайыз жоғары. Олардың 88 пайызы жеке компаниялардың инвестициялары екенін атап өткен жөн.

Сонымен қатар, өңір аграрлық секторға салынған инвестиция көлемі бойынша +190,3 миллиард теңге көшбасында тұр. Жалпы жұмыста 2,8 триллион теңгеге 140 инвестициялық жобадан тұратын пул бар. Бұл 10 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

Брифингте облыс әкімі экологияның маңыздылығын, шығарындыларды азайтудың өзектілігін атап өтті.

"Біз өнеркәсіптің өсуі өңірдегі экологиялық жағдайға қысым жасап жатқандығын жақсы түсінеміз,сондықтан өңірдің индустрияландыру серпінін сақтай отырып, барлық жұмыс істеп тұрған ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарда кешенді экологиялық шешімдерді кезең-кезеңімен енгізуге қол жеткізудеміз, ал салынып жатқан немесе салынуы жоспарланып отырған зауыттарда соңғы ecofriendly технологияларын қолдануды талап етеміз", - деді Асайын Байханов.

Павлодар облысында қалдықтарды басқаруға маңызды мән беріледі. 2025 жылдың сәуір айында өңірдегі алғашқы заманауи қоқыс сұрыптау кешенінің құрылысы басталады. Кәсіпорынды жылдың соңына дейін іске қосуды жоспарлап отыр.

Өңірде сумен жабдықтау мәселелеріне көп көңіл бөлінеді. Ауыл тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету көрсеткіші 99,3 пайызға жеткізілді. 2025 жылы 100 пайыз жеткізу жоспарланған.

Өңірде сумен жабдықтау мәселелеріне көп көңіл бөлінеді. Ауыл тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету көрсеткіші 99,3 пайызға жеткізілді. 2025 жылы 100 пайыз жетуге ниетті.

Өңірлік экономикадағы негізгі бағыттардың бірі - өңір экономикасының құрылымдарын трансформациялау.

"Біздің облыс өнеркәсіптік шикізаттан, әртараптандыру процестері арқылы қуатты өңдеу саласы бар аймаққа айналуда. Павлодарлық бизнес қаңтар айынан бастап агробизнеске 190 миллиард теңгеден астам инвестиция салды, бұл өткен жылдың көрсеткішінен екі есеге жоғары", - деді Асайын Байханов.

Павлодарлық аграршылар шамамен 1,1 миллион тонна астық жинады, бұл өткен жылғы өнімнен 3 есе көп. Кешенді мемлекеттік қолдаудың арқасында суармалы егіс алқаптары 179 мың гектарға жетті. Суармалы алқаптарға 100 пайыз ылғал үнемдейтін технологиялар, яғни, дисперсиялық суару тәсілі немесе жаңбырлатып суару әдісі қолданылады.

АӨК саласын қарқынды дамыту және әртараптандыру әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасына да әсер етеді.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, өңірдегі өнімнің бағалары 16 позиция бойынша орташа республикалық мәндерден төмен.

Сондай-ақ, Асайын Байханов денсаулық сақтау мен білім беруді жаңғырту туралы айтты. 511 бірлік жабдық және 40 бірлік санитарлық көлік сатып алынды. Биыл 73 әлеуметтік нысан жөнделіп, 35 жаңа нысан салынуда, 125 жаңа спорт алаңы ашылды.

Өңірде балалардың қосымша білім алуына және олардың бос уақытын ұйымдастыруға көп көңіл бөлінеді. Жақында 2 жаңа балалар шығармашылығы орталықары ашылды, оның ішінде ауылдарда. Мемлекет басшысының былтыр Екібастұзға сапары кезінде берген тікелей тапсырмасы бойынша салынған "Самғау" балалар шығармашылығы орталығының ашылуы алдағы айда жоспарланған.

Ел болашағына салынған стратегиялық инвестициялар өз нәтижесін беруде. Сәбилер өлімінің көрсеткіші 11,7 пайызға төмендеді. Ана өлімі жағдайлары тіркелген жоқ. Сырқаттану көрсеткіштері: туберкулезбен - 2,8 пайызға, қатерлі ісіктермен - 1,9 пайызға, АИТВ – инфекцияларымен - 0,6 пайызға төмендеді. Халықаралық, республикалық олимпиадаларда павлодарлық оқушылар 84 медаль жеңіп алды. Павлодар облысының оқушылар командасы "2024 жылдың үздік олимпиадалық командасы" атағын жеңіп алды.

Өңір басшысы тұрғын үйдің қолжетімділігі мен сапасын жақсарту жұмыстағы басым бағыттардың бірі екенін атап өтті. Осы жылдың 10 айында өңірде 296 мың м2 астам тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 27 пайызға артық. Желтоқсан айында 331 пәтер сатып алу жоспарланған. Бұл облыс халқының әлеуметтік осал топтары санаты бойынша кезекте тұрғандарға соңғы 15 жылда бір мезгілде берілген тұрғын үйдің ең көп саны.

Өңірде жұмыссыздық деңгейі 4,7 пайыздан аспайтын салыстырмалы түрде төмен деңгейде сақталды.

"Бүгінгі таңда іске асырылып жатқан міндеттердің едәуір бөлігі халықпен үздіксіз байланыс барысында қалыптасқанын, ел Президенті жариялаған халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде облыс тұрғындарының сұраныстарына жауап болғанын атап өту қажет деп санаймын", - деп атап өтті облыс әкімі.

Павлодар облысының әкімдігі ұсынған материал

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная