31 қаңтар 2023 | 09:22

Павлодар облысының әкімдігі "болашақ депутаттардың тізіміне" қатысты пікір білдірді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Павлодар облысының әкімдігі Мәжіліс пен мәслихат сайлауында депутат болатын кандидаттардың тізімін дайындау туралы ақпаратқа түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Павлодар облысының әкімдігі Мәжіліс пен мәслихат сайлауында депутат болатын кандидаттардың тізімін дайындау туралы ақпаратқа түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Облыстағы аудандардың бірінде болашақ депутаттардың тізімі белгілі екені туралы ақпарат Instagram-да тараған болатын.

Павлодар облысының әкімдігі өкілдерінің сөзінше, бұл - фейк ақпарат.

Реклама
Реклама

"БАҚ және әлеуметтік желілерде облыс аудандарының бірінде Парламент Мәжілісі мен түрлі деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының алдағы сайлауына негізгі және балама кандидаттардың тізімі жасалғаны туралы ақпарат тарап жатыр. Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Облыстың қалалары мен аудандарының әкімдіктері мұндай жұмыс жүргізіп жатқан жоқ", - деді облыс әкімінің баспасөз қызметі өкілдері.

Әкімдік өкілдері сайлау процесін ұйымдастырумен аумақтық сайлау комиссиялары айналысатынын атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная