ПОДЕЛИТЬСЯ
30 қыркүйек 2021 | 17:21
Павлодар облысының әкімдігі Екібастұзда шенеуніктер ұсталғанын растады
Екібастұз әкімінің орынбасары мен әкімдік бөлімінің тағы екі қызметкері ұсталды. Екібастұз қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәліметінше, үш қызметкер де айғақ беру үшін ұсталған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Екібастұз әкімінің орынбасары мен әкімдік бөлімінің тағы екі қызметкері ұсталды. Екібастұз қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәліметінше, үш қызметкер де айғақ беру үшін ұсталған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Екібастұз әкімінің орынбасары мен оның қоластындағы екі қызметкері ұсталғаны туралы хабарлама әлеуметтік желілерде пайда болды. Қала әкімінің баспасөз қызметі ақпаратты растады.
"Қала әкімінің орынбасары Бауыржан Ахметов, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі басшысының орынбасары және осы бөлімнің статистика маманы куәлік беру үшін ұсталды. Оларды 29 қыркүйекте сағат 16.00 шамасында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ұстады. Бізде басқа ақпарат жоқ", - деп түсіндірді Екібастұз әкімінің баспасөз қызметі өкілдері.
Сондай-ақ, олар Ахметов пен оның қоластындағылар өз қызметінен шеттетілмегенін қосты.
"Оларды жұмыстан ешкім шеттеткен жоқ, оларды не үшін ұстағанын және бұдан әрі қандай іс-шаралар өткізілетінін білмейміз. Тиісінше, қала әкімінің орынбасары мен ТКШ бөлімінің қызметкерлеріне қатысты ешқандай әрекет жасай алмаймыз", - деді Екібастұз қаласы әкімінің баспасөз қызметі өкілдері.
Айта кетейік, 36 жастағы Бауыржан Ахметов былтыр қаңтарда Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалған. Сондай-ақ, ол коммуналдық сала мәселелеріне жетекшілік етеді. Тағайындалғанға дейін ҚР Ұлттық экономика министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің жұмылдыру резервін есепке алу және бақылау басқармасының басшысы қызметін атқарған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также