10 тамыз 2023 16:35

Павлодар облысының полиция департаментінің бұрынғы басшысына сот үкімі шықты

Алғабек Хамитұлы Корреспондент
Нұрлан Масимов. Видео кадры

Павлодар облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысына үкім шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысына үкім шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нұрлан Мәсімов мүлкі тәркіленіп, 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында облыстық полиция департаментінің экс-басшысы Нұрлан Мәсімов, оның орынбасары Дамир Сиразидимов пен кәсіпкер Евгений Евковичтің қылмыстық ісі бойынша сот процесі аяқталды.

Реклама
Реклама

Фото Tengrinews.kz сот залынан

Нұрлан Мәсімовке аса ірі көлемде пара алды, сеніп тапсырылған шетелдік бөтеннің мүлкін иемденді немесе талан-таражға салды. Павлодар облыстық полиция басқармасының экс-басшысы да мемлекеттік шекараны қасақана заңсыз кесіп өтті деген айып тағылды.

"Мәсімов Нұрлан Мырзаханұлы ҚР ҚК-нің 366-бабы, 4-бөлігінің 2-тармағы, 189-бап 4-бөлігінің және 392-бабы 1-бөлігі бойынша мүлкі тәркіленіп, кінәлі деп танылсын. Сондай-ақ екінші дәрежелі "Айбын" орденінен және полиция генерал-майоры арнаулы атағынан айырылсын", - деді Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы.

Сот отырысында ол тек мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткені үшін ғана кінәсін мойындаса, Нұрлан Мәсімов басқа айыптаулардың барлығын негізсіз деп атады.

Еске салайық, 2022 жылдың қаңтарында Нұрлан Мәсімов Павлодар облысының полиция бастығы қызметінен босатылған болатын.

Өткен жылдың сәуір айында Нұрлан Мәсімовтің іздеуде жүргені белгілі болды. Кейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет оның жүрген жері туралы ақпарат бергендерге сыйақы жариялады. Шілде айында Ресеймен шекарада жалған құжаттармен ұсталған.

49 жастағы Нұрлан Мәсімов Павлодар облысының департаментін 2019 жылдың қарашасынан бері басқарып келеді.

Полицей еңбек жолын Алматы облысы Қарасай ауданы ІІБ қылмыстық іздестіру бөлімінің жедел уәкілі болып бастаған. Бір жылдан кейін аға қауіпсіздік қызметкері дәрежесіне дейін көтеріліп, кейін орынбасар, одан кейін Алматы облысы ІІД Алакөл аудандық полиция бөлімінің бастығы, ІІД бастығының орынбасары болды. 2019-2019 жылдары Алматы қалалық департаменті басшысының бірінші орынбасары қызметін атқарған. 2019 жылы Ішкі істер министрлігінің жетінші департаментін басқарды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram