Павлодар облысының тұрғыны ағасынан соққы көрген соң сотқа жүгінді

Иллюстрациялық фото:seyminfo.ru

Павлодар облысы Май ауданындағы ауыл тұрғыны ағасынан соққы көргеннен кейін оны сотқа берді, - деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Павлодар облысы Май ауданындағы ауыл тұрғыны ағасынан соққы көргеннен кейін оны сотқа берді, - деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Әкімшілік іс денсаулыққа қасақана ауырлығы жеңіл зиян келтіру дерегі бойынша қаралды. Іс материалдарына сәйкес, ағайындылар бір үйде тұрады, биыл 21 қаңтарда екеуі жанжалдасқан. Ағайындылардың бірі екіншісіне былапыт сөздер айтып, кейін оны соққыға жыққан. Жәбірленуші полиция шақырып, ұрып-соққан жерлерін көрсеткен. Сотта ағасы кінәсін толық мойындап, өкінетінін айтқан.

"Жанжалды бейбіт жолмен шешу үшін бітімгер-судья ағайынды екеумен де сөйлесті, содан кейін жәбірленуші ағасын кешіріп, істі тоқтатуды сұрады. Тараптар сотқа медиация тәртібімен татуласқанын жариялады", - деді Май аудандық сотының баспасөз қызметіндегілер.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама