Павлодар облысына жаңа әкім тағайындалды

Павлодар облысына жаңа әкім тағайындалды © Pavon.kz

Павлодар облысының әкімі болып Болат Бақауов тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Болат Жұмабекұлы Бақауов Павлодар облысының әкімі болып тағайындалсын", - делінген Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығында.

Болат Бақауов бұған дейін Павлодар қаласының әкімі қымзетін атқарған болатын. Ол бұл қызметке 2014 жылдың сәуірінде келді. Бұған дейін ол Ақсу қаласын басқарды. Бақауов 1971 жылы 27 маусымда Павлодар облысы Железинск ауданының Новокузьминка ауылында дүниеге келген. Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын (2003) "Заң ғылымдары" мамандығы бойынша, Халықаралық бизнес, экономика және кәсіпорындарды басқару академиясын (2005) бітірген. 2003-2007 жылдары Павлодар облыстық мәслихатының депутаты болды.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама