Павлодар облысында республикалық маңызы бар тасжолды су шайып кетті

Видеодан үзінді

Павлодар облысында еріген ?ар суы республикалы? ма?ызы бар тасжолды шайып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Павлодар облысында еріген қар суы республикалық маңызы бар тасжолды шайып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Облыстық ТЖД-ның баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, еріген қардың суы Ульяновский - Керней Қалқаман республикалық маңызы бар тасжолды шайып кеткен. Алдын ала мәлімет бойынша, тасжолдың 101-ші шақырымы бүлінген. Аққан судың ені жүз метр, ал тереңдігі 15-20 сантиметр болған. 

Оқиға болған жерден түсірілген видеоны куәгерлер YouTube порталына жариялаған. Жүргізушілердің сөзінше, Майқайың ауылы мен Баянауылға дейінгі аралықта көліктер кептеліп тұр. 

Реклама
Реклама

Баспасөз қызметінің өкілдері оқиға орнына облыс әкімі Болат Бақауовтың барғанын айтады. Сонымен қатар, арнайы комиссия да оқиға орнына аттанған және құтқарушылар ол жерде кезекшілік атқарып жатыр. 

"Қазақавтожолдың" павлодарлық филиалының мәліметі бойынша, облыс жолдарын 13 рет су басқан, соның ішінде Ленинский - Ақсу - Көктөбе - Үлкен Ақжар - Курчатов, Қалқаман - Баянаул - Үміткер - Ульяновский және Павлодар - Успенка - Ресеймен шекара.

Жолдың бүлінген тұстарында жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Бұл жолдарда жүріс шамамен 4 сәуір, түнгі 12-ге қарай жанданатыны айтылды.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама